«Білім берудің жаңа талаптарына сай сабақ өткізудегі жаңашыл әдіс- тәсілдер» семинары

«Білім берудің жаңа талаптарына сай сабақ өткізудегі жаңашыл әдіс- тәсілдер» семинары

Қарқаралы аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында физика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинардың тақырыбы «Білім берудің жаңа талаптарына сай сабақ өткізудегі жаңашыл әдіс- тәсілдер».Семинар мақсаты: оқытудың технологияларының тиімді жолдарын қолдана отырып, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамытып, қоғамға бейімдеу.Семинарды аудандық БДО әдіскері Б.Жунусова ашып, қатысушыларды семинар мақсатымен, бағдарламасымен таныстырды. Н.Әбдіров атындағы №10 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бекболат Аяухан «Білім стандартына сай сабақты тиімді жоспарлау және өткізу» тақырыбында баяндама оқыды. Мәди Бәпиұлы атындағы №44 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Нуркайдарова Г.Б. «Физика пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапсын арттыру» тақырыбында коучинг, Ә.Ермеков атындағы №2 орыс орта мектебінің мұғалімі Ашимова А.А. «Критерии эффективности современного урока» тақырыбында шеберлік сағатын, №17 ЖОББМ-нің мұғалімі Саттыбекова А.А. «Үштілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында сабақтардан үзінді көрсетті. Семинарды БДО әдіскері Б.Жунусова қорытындылап рефлексия жасады. Семинарға барлығы 27 орта мектептің физика пәні мұғалімдері қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Фотогалерея

07:52
Нет комментариев. Ваш будет первым!