"Кәсіби мұғалімдер желісі" облыстық байқауының Ережесі.

«Шекарасыз білім беру» жобасы
аясында физика пәні мұғалімдеріне арналған
«Кәсіби мұғалімдер желісі» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже
1. Осы ереже «Кәсіби мұғалімдер желісі» облыстық байқауының өткізілу тәртібі мен ретін
анықтайды (бұдан әрі — Байқау).
2. Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін Қарағанды облысы ББД ОӘО жүзеге
асырады.
3. Байқауды өткізу мен қорытындысын шығару үшін құрамына Қарағанды облысы
білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және физика пәні
мұғалімдерінің өкілдері кіретін Байқау комиссиясы құрылады.


1. Мақсаты
Интернет ресурстары арқылы мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін тарата отырып білім сапасының көтерілуіне
жағдай жасау.

2.Міндеттері

  • тек қана талантты жұмыс істеп қана қоймай, Қарағанды облысы Bіlімаl.kz порталында құрылған физика пәні мұғалімдерінің желілік қоғамдастығы, сонымен қатар қашықтық семинарлары, вебинарлар және онлайн сабақтары арқылы өзінің практикалық озық іс-тәжірибесімен бөлісетін дарынды және белсенді мұғалімдерді анықтау және мадақтау;
  • мұғалімдерге қызықты әдістер мен әдістемелік материалдарды анықтау және тарату;
  • білім беру ұйымдары арасындағы өзара тәжірибе алмасу және қарым –қатынас жасау формасын кеңейту;
  • физика сабағында жаңа технологияларды жүйелі қолдану жұмысын дәріптеу.

ІІ. «Кәсіби мұғалімдер желісі» Байқауының ұйымдастырушылық құрылымы

2.1 Ұйымдастырушылар осы ережеге сәйкес «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауының
өткізілуі бойынша Комитет құрайды, оның құрамын бекітеді.
2.2 Ұйымдастырушылық комитеті:


  • «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауының өткізілуіне және оның барлық кезеңдерінің уақытылы аяқталуына толықтай жауапты;
  • жеңімпаздарды жариялайды және марапаттау рәсімін өткізеді;
  • «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауының барлық дайындық шараларының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты;
  • «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауы туралы БАҚ, ББД ОӘО сайтына ақпарат таратады;
  • байқау материалдарын қарастыруға қабылдайды және тіркейді;
  • материалдар рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігін тексереді;
  • қатысушылар тізімін құрайды;
  • кәсіби баға беру үшін Байқау комиссиясына талаптарға сай жұмыстарды табыстайды;
  • іс-шараның қорытындысын шығарады.
2.3. Байқау комиссиясы (БК) «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауының жұмыс мазмұнына жауапты:
  • БК құрамы ББ мамандарының, ББД ОӘО әдіскерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының санынан құралады;
  • БК отырысының өту мерзімі ұйымдастырушылық комитетімен анықталады.

ІІІ. «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауына қатысушылар

Конкурсқа білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің физика пәнінің мұғалімдері қатыса алады. Қатысушылардың жас ерекшелігі шектелмеген.

IV. Тәртібі, мерзімі және өткізілу орны

«Кәсіби мұғалімдер желісі» облыстық байқауы 2016 жылдың 1 қарашасынан 2017
жылдың 1 сәуіріне дейін өткізіледі.


  • Ұйымдастырушылық комитетін конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымы (мекемесі) басшысының қолы қойылған және мөр басылған қатысу жөнінде өтінім (1 қосымша) берілуі қажет;
  • Байқау материалы, интернет ресурстардың ссылкасы, өтінім 2017 жылдың 15 наурызына дейін электрондық түрде umc-ro@umckrg.gov.kz электронды поштасына немесе дискіде ББД оқу-әдістемелік орталығына №415 кабинетке әкеліп тапсырылуы қажет.
  • Байқаудың материалдары 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін қарастырылады.
  • «Кәсіби мұғалімдер желісі» облыстық байқауының нәтижесі 2017 жылдың 17-19 сәуірі аралығында Қарағанды облысы Bіlімаl.kz порталында құрылған физика пәні мұғалімдерінің желілік қоғамдастығында және ББД оқу-әдістемелік орталығының сайтында жарияланады.

V. Байқау келесі тақырыптық бағыттар бойынша өтеді:

  • Физика пәнінен әр түрлі онлайн сервистерді (edmodo, Google for education сервистері, Microsoft, bilimal.kz және басқа да білім беру саласындағы серіктестіктер) қолдана отырып өткізетін қашықтық курстары, вебинарлары, семинарлары, онлайн-сабақтар;
  • Физика пәнінен интерактивті электрондық құралдар;
  • Мұғалімнің тақырыптық жеке сайты.
  • Қарағанды облысы Bіlімаl.kz порталында құрылған физика пәні мұғалімдерінің желілік қоғамдастығындағы тәжірибе алмасуы.

VI. Байқау қорытындысы бойынша марапаттау.

  • Байқау жұмыстарын бағалау үшін құрамына Қарағанды облысы ББД ОӘО әдіскерлері және физика пәнінің мұғалімдері кіретін қазылар алқасы кұрылады;
  • Байқау жеңімпаздары дипломдармен(1,2,3 дәрежелі), сонымен қатар төмендегі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады:
    • «Ең үздік интернет бағдарлама»;
    • «Желілік қоғамдастықтың белсенді қатысушысы».
Жұмыстары Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес келетін Байқау қатысушыларына сертификат беріледі.

VІІ. Байқауды бағалау өлшемдері:

Байқау жұмыстары әрбір номинация бойынша байқау ережесіне сәйкес бағаланады:

1. Қоғамдастыққа қанша рет кірді (өзара тәжірибе алмасу);

2. Қоғамдастыққа кіру ұзақтығы (үнемі кіріп отыруы).

3. Қарастырған тақырыптарының саны және олардың өзгеріп отыруы;

4. Талқыға салатын сұрақтардың жиілігі;

5. Қоғамдастықтың және интернет ресурстардың мақсаты мен міндетіне сәйкес іс-шаралардың әртүрлілігі:

5.1.Хабарламалық

5.2 Әдістемелік

5.3.Эксперттік-аналитикалық

5.4.Консультативтік немесе кеңестер беру

5.5.Оқу саласы бойынша (пән бойынша біліктілігін көтеру)

5.6. Оқу саласы бойынша (АКТ бойынша біліктілігін көтеру)

5.7.Олимпиада және жобалау қызметі.

6. Өзара тәжірибе алмасудың әдістемелік бағыты:

6.1.Әдістемелік құралдарын жариялауы;

6.2.Білім беру ресурстарын дайындау мақсатымен мұғалімдердің өзара қарым-қатынас жасауы;

6.3.Сандық білім беру ресурстарының библиотекасы (СБР), қоғамдастықта білім беру базасын жинақтауы.

7. Қоғамдастықтағы және интернет ресурстардағы мұғалімнің ақпараттық-коммуникативтік қызметі: (педагогикалық жаңалықтарды талдау: форум, чат, топтық тренингтерді ұйымдастыру сервистері);

7.1. Қоғамдастықтағы немесе интернет ресурстардағы форум арқылы мұғалімнің үздіксіз ақпараттық қызметі;

7.2. Ақпараттық қызметтің әртүрлі тәсілдерін қолдану (интернет-семинарлар, конференциялар, желілік кездесулер және т.б.);

Қосымша1

Физика пәні мұғалімдеріне арналған «Кәсіби мұғалімдер желісі»
облыстық Байқауы Қатысушының Байқауға қатысуы туралы өтінімі


Қала, ауданБілім беру ұйымының атауыМұғалімнің аты-жөнісанатыноминациясыЭлектрондық адресі, байланыс телефоны

Байқауға қатысушының қолы____________________________
03:55
Нет комментариев. Ваш будет первым!